Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан ортақ жобаны іске асырады
Қамбар ата СЭЦ-1 құрылысы бойынша Үйлестіруші донор комитеті құрылды

Қырғыз республикасындағы Қамбар ата су электр станциясы жобасын іске асыру үшін Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан энергетика министрліктері арасында ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kg-ге сілтеме жасай отырып.
10 маусымда Венада өткен Халықаралық инвестициялық энергетикалық форумда Қамбар ата СЭЦ-1 құрылысы бойынша Үйлестірушілік донорлық комитеті құрылды.
Комитет құрамына Дүниежүзілік банк, ОПЕК Қоры, Азия даму банкі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Ислам даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі және басқалары кірді.
2024 жылдың күзінде комитеттің бірінші сессиясы өтуі тиіс.
Еске салайық, былтыр 6 қаңтарда үш елдің энергетика министрлері Қамбар ата СЭЦ-1 құрылысының жобасын іске асыру бойынша Жол картасына қол қойған болатын.