Ергешбеков ауыл шаруашылығы кәсіпорын басшылары үлескерлерді алдап жүргенін айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Мұндай әрекет халықтың ашуын келтіріп отыр дейді депутат

Фото: depositphotos.com

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев өзінің депутаттық сауалында үлескерлердің мәселесін шешіп беруді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жер біздің халқымыз үшін ең қасиетті ұғым. Өңірлерде үлескерлер арасындағы жер даулары жыл санап артып, толастар емес.Оған себеп, өтпелі кезеңде жер үлестерін рәсімдеу кезінде, үлескерлер  өз үлестерін  шаруашылыққа салым ретінде беріп, өздерінің құқықтарын құрылтай құжаттарына тиісті дәрежеде қорғамауынан туындап отыр»,- дейді депутат. 

Ол атағандай, үлескерлердің өз құқықтарын жетік білмейтінін пайдаланып, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшылары әр түрлі әрекеттерге барған, Яғни, жер үлестерін алуды созбалаңға салдырып, бөліп бермей, шаруашылықтың қызметінде ашықтық орнатпаған. Бұл өз кезегінде халық арасында ашу-ыза туғызатыны анық дейді депутат. 

«Салдарынан қарапайым халық үлестер мәселесінде өзімен-өзі қалып, шаруашылық басшылары немесе белсенді топтардың айтқанын істеуге мәжбүр болып отыр. Кейбір үлескерлер үлесін ала алмай мемлекеттік органдарға жүгінсе, кейбіреулері  өздеріне тиесілі үлестердің банктерде кепілде тұрғанынын енді ғана біліп жатыр. Үлескерлердің құқықтарын қорғап, қордаланып қалған мәселелерді шешу үшін, кешенді  қарап,біршама өзгерістер енгізу қажет»,- дейді ол.

Депутат өзгерістер кәсіпорынның жұмысын ашық жүргізу арқылы үлескерлердің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді.

AMANAT партиясы Фракциясы ауыл шаруашылық кәісіпорындарында қарапайым пайшылардың құқын қоғау жүйесін енгізу маңызды деп есептейтейтінін айтып, бірқатар ұсыныс айтты. 

Ол атағандай, бұл салада келесі мәселелерді шұғыл шешу маңызды:

1. Жер үлескерлері бар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының  құрылтай құжаттарының үлгілік нысанын бекіту;

2. мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне үлескерлер саны туралы ақпарат енгізу,шаруашылықтардың жарғылық капиталдарындағы жер үлестеріне әділетті бағалау жүргізуді міндеттеу, 

3. жыл сайынғы төлеуге міндетті ең төменгі дивидендтің мөлшерін айқындау, 

4. үлесшінің ұсынысы бойынша жер учаскесін бөліп алу процесін оңтайландыру,  және оның бағалау критерийлерін белгілеу тәрізді кешенді іс-шарлар жүргізу қажет.

«Аталған мәселелер еліміздегі жер қатынастарында әділеттілік принциптерін қалыртастырудың басты алғы шарты.Сондықтан, үкіметтің басты басымдықтары болуы шарт»,- деп түйіндеді Ергешбеков.