$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан 2017-2018 жылдары ҰБТ үшін шетелден қарыз алған

Саясат Нұрбектің сөзінше, қарыз көп жеңілдікпен берілген 

Қазақстан 2017-2018 жылдары ҰБТ үшін шетелден қарыз алған
Фото: Azattyq Rýhy

Сенат кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен 2017-2018 жылдары ҰБТ жүйесін реформалауға халықаралық банктен қарызға алынған 9,3 млн доллардың есебі сұралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Кадрларды даярлау, кабинеттерді әзірлеу, ҰБТ жүйесін реформалауға Қазақстанның ақшасы жетпеді ме?», - деп сұрады журналист.

Министр бұл шешімнің қалай қабылданғанынан хабарсыз екенін айтты.

«Бұл негізінде несие емес, қарыз. Халықаралық қайта құру және даму банкі реципиент мемлекеттерге көп жеңілдікпен береді. Үлкен қарыз жүктемесін талап етпейді. Оған бөлек келісім бар. Мұның бәрі Қаржы министрлігі арқылы өтеді. Сондықтан қаржы тегін берілді деуге де болады. Ал ол кезде дайындыққа бюджетте қаражат болмаған болар. Ол жағын мен білмеймін. Біз жобаға соңғы сатысында қосылдық. Министрліктерді бөлген кезде,  бізге қаржының қалғаны - 1,8 млн ғана берілді. Жоба жылдың соңында аяқталады», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары