Бес елдің ішінде ең аз алыс-беріс Армениямен
Биыл қаңтар-тамыз айларында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13259,3 млн. АҚШ долларын құрады. Ол 2018 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,2% артық. Соның ішінде экспорт – 3979,8 млн. АҚШ доллары (3,1% азайды), импорт – 9279,5 млн. АҚШ доллары (1,7% өсті).
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы Ресей Федерациясына – 92,3%, Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.