Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,49 теңге
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы сауда-саттық бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 445,66 теңгені құрап, тағы 0,78 теңгеге арзандады деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Ұлттық банкінің 22 сәуірдегі ресми бағамы бір доллар үшін 446,49 теңге.
Kurs.kz-тің мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 445,89 теңгеге, сату - 447,13 теңгеге тең. Ал Астанада АҚШ валютасы 444 - 449 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуірде KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 446,49 теңгені құрап, 0,86 теңгеге түскен болатын.