Базалық ставканың мөлшерлемесі 31 мамырда қайта қаралады
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық Банк хабарлағандай, 2024 жылдың наурыз айында жылдық инфляция 9,1% болған.
«Инфляция бойынша 5% мақсатқа жету үшін қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі», - деп хабарлады Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімін 2024 жылдың 31 мамырында Астана уақытымен сағат 12:00-де жариялайды.