Коронавирус пандемиясы: Уран бағасы соңғы төрт жылдағы максимумға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басында уранның бір фунты 25 доллар болған

Фото: sputniknews.kz

Соңғы он жылда «Фукусима» АЭС-тегі апат пен бірнеше жаңа жобаның сәтсіз аяқталуынан сұраныс азайғандықтан, уран бағасы түсіп кеткен еді. Ал 9 сәуір күні уранның фунты 29,6 долларға дейін көтеріліп, 2016 жылдың наурыз айынан бергі ең жоғары деңгейге жетті, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

«UxC Broker Average Price (BAP) индикаторы нарықтағы күнделікті ұсыныс пен сұраныс бағасына негізделген. Жыл басында уран бағасы 25 доллар болған еді. UxC компаниясының вице-президенті Внна Брындзаның айтуынша, уран бағасының өсуіне коронавирусқа байланысты қосымша сұраныстың тууы әсер еткен», - деп жазады басылым.

Айта кету керек, апта басында «Қазатомпром» 2020 жылы Қазақстанда уран өндірісі коронавирус пандемиясының кесірінен 4 мың тоннаға дейін қысқартылатынын хабарлаған еді.