$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министр БЖЗҚ-дан алынатын миллиардтаған қаржының қайда жұмсалатынын айтты

Зейнетақы активтерін инвестицияға жұмсау сенімді болмақ әрі табыс әкеледі

Министр БЖЗҚ-дан алынатын миллиардтаған қаржының қайда жұмсалатынын айтты
Фото ашық дереккөзден

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметте өткен брифингте БЖЗҚ-дағы 173 миллиард теңгенің қайда жұмсалатыны туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министрдің пікірінше, зейнетақы активтерін инвестицияға жұмсау сенімді болмақ әрі табыс әкеледі.

«Көлік жобаларына барлығы 190 млрд теңге инвестиция салынады, оның ішінде 17 млрд теңге – жеке инвесторлардан, 173 млрд теңге – Бірыңғай зейнетақы қорынан. Оның басым бөлігін инвестор, яғни «Бәйтерек» ҰБХ сатып алған. Бұл БЖЗҚ-ның «Бәйтерек» облигацияларын сатып алудағы бірінші операциясы емес. БЖЗҚ – айналымға түсуге, табуға тиіс зейнетақы ақшасы. Және ол сенімді қаржы құралына, оның ішінде бағалы қағаздарға инвестициялануы керек. Бұл 100% үкіметке немесе мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік бірлестіктердің облигациялары, оның ішінде «Бәйтерек» те бар», - деді Әлібек Қуантыров.

Ведомство басшысы сондай-ақ инвестициялар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, атап айтқанда, аса қажетті жолаушылар және жүк вагондарын сатып алуға қолдау болатынын атап өтті.

«Онда жүк және жолаушылар вагондары 50 пайыздан 70 пайызға дейін тозып кеткен. Оның үстіне олардың барлығы отандық жеткізушілер болатындықтан ақша экономикада қалады. Жалпы, нәтижесі өте тиіді болмақ, оның ішінде жұмыс орындары ашылады, т.б.», - деді Қуантыров.

Серіктес жаңалықтары