Халықаралық валюта қорынан 90 ел көмек сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

ХВҚ-да 1 триллион доллар бар

Халықаралық валюта қоры басшылығы қазір әлемде қалыптасқан экономикалық ахуал бұрын-соңды болмағанын айтады. Қаржы ұйым басшылығы әлемге үлкен қауіп-қатер төніп тұрған сәтте бірге болу керекпіз деп есептейді. Бұл туралы  FINANCEkaz телеграм каналы жазды.

«Біздің қолымызда 1 триллион доллар бар және біз осы қаражаттан қанша қажет болса, сонша пайдаланғымыз келеді»,- деді ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиева.

Қаржылық институт басшысы үлкен қауіп-қатер ретінде банкроттық пен жұмыс орындарын қысқарту толқыны болатынын атады. Бұл экономиканың қалпына келуіне кедергі келтіреді деп санайды.

«Біздің саясаткерлерге, әсіресе дамушы елдерге қатысты ортақ үндеуіміз - денсаулықты сақтау және адамдардың қайта жұмысқа шығуы бірдей жағдайда маңызды екенін айтқымыз келеді», - деп жазды Георгиева.

Ал ДДСҰ басшысы Тедрос Адхан өз мақаласында вируспен күресу үшін, әлеуметтік жағдай жақсы болу керек дегенді меңзейді.

«Адамдардың өмірі немесе экономика - бұл қиын дилемма. Вирусты бақылауда ұстау үшін, тіршілікті қамтамасыз ету қажет»,- деген пікір жазған.