Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан экономикасына баға берді
Агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты»
Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар сыртқы сілкіністерге өзінің орнықтылығын дәлелдеген тұрақты фискалдық ұстаным және елеулі сыртқы резервтер болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, жаңа бюджеттік ережелерді қолдану мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Экономиканы және экспорттық маршруттарды одан әрі әртараптандыру жөніндегі шаралар елдің дамуына оң әсер ететін болады.
«Fitch Қазақстан экономикасының өсуі бойынша алдағы перспективаларды белгіледі. Агенттік инвестициялардың тұрақты өсуінің арқасында ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) 2024 жылы 5,1% және 2025 жылы 5,4% деңгейінде өседі деп болжап отыр. Сондай-ақ, Агенттіктің сарапшылары ҚР-да инфляция мен долларландыру деңгейінің төмендеу үрдісі байқалатынын және Қазақстанның қайталама санкцияларға ұшырау қаупі төмен екенін атап өтті», - делінген баспасөз хабарламасында.