27.09.2023, 09:38
Экономика
Қор нарығында доллар күрт қымбаттады
Ұлттық банктің 27 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 476, 89 теңге
Фото ашық дереккөзден
Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар қымбаттады. Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде АҚШ доллары 476 – 480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қор нарығында 26 қыркүйек кешке өткен сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 3,06 теңгеге қымбаттап, 477,05 теңге болды.
Ұлттық банктің 27 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 476, 89 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астанада 1 доллар 476 – 480 теңгеден саудаланып жатыр. Ал Алматыда шетел валютасы 476,5 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды