Қазақстанда күріш экспорты 10 пайызға артты

Azattyq Rýhy

Жеті айда ішкі нарықтағы сатылым 57 мың тоннаны құрады

Қазақстанда күріш экспорты 10 пайызға артты
Фото: eldala.kz

Қазақстанда күріш импорты 3,5 есе өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюроысының мәліметінше, қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жартылай ақталған немесе толық ақталған/тазартылған немесе уатылған 107,8 мың тонна күріш өндірілді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға аз.

«Өндіріс көлемінің төмендеуі аясында импорт аталған уақыт аралығында 3,5 есе, яғни 5,5 мыңнан 19,1 мың тоннаға дейін өсті. Бұл ретте импорт өнімінің үлес салмағы 15% құрады», - делінген статистикада.

Бұл ретте күріш экспорты да 9,9%-ға, 69,8 мың тоннаға дейін өсті (2022 жылғы қаңтар-шілде – 63,5 мың тонна).

Биылғы 7 айда ішкі нарықтағы сатылым 57 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,7% кем.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.