«Біреулердің ырқынан шықпайтын тауар биржалары пайда болды»: Тоқаев демонополизациялау жайлы

Azattyq Rýhy

Ол бұл салада талапты күшейту керек екенін айтты

«Біреулердің ырқынан шықпайтын тауар биржалары пайда болды»: Тоқаев демонополизациялау жайлы
Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында демонополизациялау жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Үкіметпен бірлесіп, негізгі нарықтарды демонополизациялау үшін шаралар қабылдауға тиіс. Біз сауда-саттықты өркениетті жолмен жүргізу үшін тауар биржаларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасадық.

Алайда реттеу жұмысының тиімділігі төмен болғандықтан, біреулердің ырқынан шықпайтын тауар биржалары пайда болды. Олар бәсекелестікті жоятын, импорттың және өнімсіз делдалдықтың пайдасы үшін сатып алу рәсімдерін айналып өтетін орындарға айналды», - деді Тоқаев.

Ол атағандай, реттеу талаптарын күшейтіп, айтылған кемшіліктерден түгел арылу қажет.

«Сонымен бірге сауда-саттыққа қатысты озық тәсілдердің еліміздің өнім өндірушілеріне толық қолжетімді болуын қамтамасыз ету маңызды. Ұлттық сауда жүйесімен ғана тұйықталып қалуға болмайды. Бизнеспен бірлесіп, мықты аймақтық тауар-шикізат биржасын құру мәселесін пысықтау қажет», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.