Еуразия даму банкі БАКАД жобасына 225 млн доллар бөледі
«Қаржыландыру пакеті ЕҚДБ берген 225 млн АҚШ доллар сомасындағы А қарызынан және 200 млн АҚШ долларына дейінгі сомадағы бірлескен В қарызынан тұрады» делінген хабарламада
Еуразия даму банкінің Директорлар кеңесі 66 шақырымға созылатын Үлкен Алматы айналма жолының (БАКАД) құрылысы бойынша қаржыландыру пакетін мақұлдады. Бұл туралы ЕҚДБ баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қаржыландыру пакеті ЕҚДБ берген 225 млн АҚШ доллар сомасындағы А қарызынан және 200 млн АҚШ долларына дейінгі сомадағы синдикаттық В қарызынан тұрады» делінген хабарламада.
Бұл алматылықтардың өмір сапасына айтарлықтай әсер ететін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы еліміздегі ең ауқымды жоба.
«Жобаның жалпы бюджеті - 751 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл жоба 20 жылдық концессиялық келісім негізінде жүзеге асырылады. Құрылыс жұмыстары 50 апталық мерзімде аяқталады деп күтілуде» дейді ЕҚДБ баспасөз қызметі.
Бұған дейін ЕҚДБ-ның Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Бруно Балванера Еуразия даму банкінің БАКАД құрылысына нарықтық бағаммен 15 жылға 225 млн доллар бөлетіні туралы айтқан еді.
Сондай-ақ 2018 жылдың мамырында «Алсим Аларко – Макийол – СК – Кореян ЭкспрессВэй» түрік-корей консорциумы жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына кіріскені хабарланған.