Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 30 доллардан төмен түсуі мүмкін

Бұл уақытта Қазақстанда доллар бағамы 400-ге жетті

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 30 доллардан төмен түсуі мүмкін

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 31 долларға дейін төмендеді,  баға соғысы ұзаққа созылса  ол әлі де төмендеуі мүмкін, деп жазады KazService  Bloomberg-ке сілтеме жасай отырып.

Өткен жұмада ОПЕК + кездесуі сәтсіз ақталып,тараптар ортақ мәмілеге келе алмаған еді. Сол аралықта Сауд Арабиясы мұнай бағасын төмендетіп, өндіріс көлемін арттыратынын мәлімдеді.

«Бірнеше күн бұрын Ресейді өндірісті күніне 1,5 миллион баррельге қысқартуға көндіруге  тырысқан  ел үшін бұл қарама-қайшы көрінуі мүмкін. Дегенмен, Сауд Арабиясы тактиканы өзгертті. Егер бұрын Сауд Арабиясы негізгі ойыншылардың арасындағы ынтымақтастықты көтермелей отырып, мұнай нарығында өз позициялары мен кірістерін сақтауға үміттенген болса, енді ол Мәскеу және АҚШ тәуелсіз мұнай өнеркәсібімен ымыралысып,  шешуші ойыншы болуға үмітті»,-деп жазады агенттік.

Қазіргі дағдарыс Сауд Арабиясының 1985 жылы қабылдаған шешіміне ұқсайды. Жылдар бойы бағаны ұстап тұрып қоя бергенде мұнай нарығы құрдымға кеткен. Бұл оқиға ақыр соңында Кеңес Одағының ыдырауын жеделдетуге көмектесті.

Дегенмен ірі ойыншылардың қазір өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

«Ешбір ел Сауд Арабиясы сияқты арзан мұнай ала алмайды. Онда өзіндік құны 2,80  долларды құрайды.  Салыстырмалы түрде  АҚШ-тың Exxon Mobil Corp үшін 16 доллар тұрады. «Роснефть»- те мұнайдың өзіндік құны 20 доллар»- делінген жазбада.

Алайда, баға түссе саладағы артық шығындар артады. Бұл әсіресе Aramco-ға қатысты, ол жай ғана мұнай компаниясы емес,  Сауд мемлекетінің өзімен пара пар институт.

Егер Сауд Арабиясы экономикасының мұнай өндіруге тәуелділігін ескеретін болсақ, Aramco үшін шығынсыз баға 83,60 доллар. Мұндай баға соңғы бес жылда байқалмады. Ресейде шығынсыз өндіріс  деңгейі шамамен 42 доллар. Америкалық коммерциялық өндірушілер Пермь бассейнінде сол деңгейге жетті. Демек, қазіргі бағамен барлығы ұтылады.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.