Мұнай бағасының құлдырауына коронавирустың әлемдік экономикаға тигізген ықпалы себеп болған
Әлемдік мұнай бағасының күрт арзандауымен Қазақстанда доллар бағамы күрт өсті. Kurs.kz порталының мәліметінше, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы валюта айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 400 теңгеден саудалануда.
Айта кетейік, бұған дейін Brent маркалы мұнай бағасы құлдырап, 1 баррелі 31,43 долларға төмендеген еді. Сарапшылар мұнайдың әлі де болса арзандайтынын болжап отыр.
РИА Новости агенттігінің жазуынша, келесі айдан бастап Сауд Арабиясы тәулігіне өндіретін мұнай көлемін 10 млн баррельге дейін жеткізеді. Яғни, бұл оның бағасы құлдырайды деген сөз.