03.04.2023, 17:13
Экономика
Қазақстанда 12 сәуірден бастап бензин мен дизель отыны қымбаттайды
Бұйрық бүгін жарияланады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда 12 сәуірден бастап бензин мен дизель отыны қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Бүгін бұйрық жарияланады. Ол өз күшіне 12 сәуірде енеді. Яғни, сол кезден бастап жанармай мен дизель отыны қымбаттайды», - деді министр.
- АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге қылу (өңірге байланысты), өсім – 11%;
- дизель отынының бағасын литріне – 295 теңгеге, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр.
Министр атағандай, бензин бағасы соңғы 1,5 жылда өзгермеген.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды