Қазақстан қор биржасында доллар күрт қымбаттады
13 наурыздағы ҚР Ұлттық Банктің долларға ресми бағамы 445,98 теңгені құрады
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 456,66 теңгені құрап, 9,65 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
13 наурыздағы ҚР Ұлттық Банктің долларға ресми бағамы 445,98 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 454,97 теңгеге, сату – 459,02 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 453,97 теңгеден сатып алынады, 457,2 теңгеден сатылады.
Естеріңізге сала кетейік, KASE-нің 10 наурызда күндізгі сауда – саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,82 теңгеге, 9 наурызда – 2,59 теңгеге, 7 наурызда – 5,14 теңгеге, 6 наурызда – 1,77 теңгеге, 3 наурызда – 4,45 теңгеге, 2 наурызда-5,98 теңгеге, 1 наурызда-3,55 теңгеге өсті.