$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан қалаларында пәтер бағасы бір жылда 41%-ға қымбаттаған

Өңірлік бөліністе пәтер Ақтөбе және Ақтау қалаларында едәуір қымбат

Қазақстан қалаларында пәтер бағасы бір жылда 41%-ға қымбаттаған
Фото ашық дереккөзден

Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы 13%, жаңа тұрғын үйді сату құны 14%-5а өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.

Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%) және Қостанай (30,9%) қалалары тұр.

Ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді.

Бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4%-ға өсті.  

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2%-ға өсті.

Серіктес жаңалықтары