$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.10.2019, 10:37
Экономика

«Бәйтерек» пен «ҚазАгро» бюджетке бір тиын да дивиденд төлемеген

Ұлттық басқарушы холдингтердің таза жиынтық табысы бір жыл ішінде екі есеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ranking.kz сілтеме жасап 

«Бәйтерек» пен «ҚазАгро» бюджетке бір тиын да дивиденд төлемеген

Бүгінде Қазақстанда үш Ұлттық басқарушы холдинг – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жұмыс істейді, олардың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі. Үш басқарушы холдинг активтерінің жиынтық құны 32 трлн теңгені құрайды, бұл елдің ЖІӨ-нің 51,7% - на тең, яғни холдингтердің Қазақстан экономикасына ықпалы зор.

2018 жылдың соңында активтердің ең көп сомасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ байқалды: 25,6 трлн теңге, яғни бір жыл ішінде өсім 5,6% құрады (2017 жылы - 24,3 трлн теңге). Соңғы үш жылда холдинг активтері жылына орта есеппен 7,1% - ға өсуде. 2018 жылдың соңында Қор құрамында 317 еншілес кәсіпорын болды.

Фото: ашық дерек көздерінен

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ активтері 2018 жылдың соңында 4,7 трлн теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,5% - ға артық (4,4 трлн теңге). Үш жыл ішінде Холдинг активтері 36,4% - ға өсті.

Үшінші басқарушы холдинг — «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде қолдау көрсетумен айналысады. Холдинг активтері 2018 жылы 35,8% - ға артып, 1,6 трлн теңгені құрады.

2018 жылы елдің ірі басқарушы холдингі «Самұрық-Қазына» таза пайданы 88% - ға яғни, 606,7 млрд теңгеден 1,1 трлн теңгеге дейін арттырды. Ал, 2019 жылдың 9 айында Қордың таза табысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38% - ға артып, 1,2 трлн теңгені құрады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» ҰБХ-ның таза пайдасы 34,7 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (43,6 млрд теңге) 20,3 пайызға төмен. Холдингтің таза пайдасының азаюының негізгі себебі шығындардың ұлғаюы. Мәселен, пайыздық шығындар 15,5 млрд. теңгеге, комиссиялық шығындар 1,9 млрд. теңгеге өскен.

Фото: ашық дерек көздерінен

2018 жылы «ҚазАгро» ҰБХ 117,9 млрд. теңге шығынға ұшырады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 126 млрд. теңге болған еді. Соған қарамастан холдинг отандық ауылшаруашылығы саласын қаржыландыруға рекордтық сомадағы қаражат – 400,1 млрд. теңге бөлді. Бұл арғы жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп.

Осы жылдың 9 айында «Самұрық-Қазынаның» республикалық бюджетке төлемдері 22% пайызға, яғни 460 млрд-тан 563 млрд. теңгеге дейін өсті. 2018 жылы «Самұрық-Қазына» республикалық бюджетке 190 миллиард теңге дивидендтер мен басқа да өтемақылар төледі.

Фото: sk.kz

Ал, «Бәйтерек» пен «ҚазАгро» 2018 жылы ешқандай дивиденттер төлемеген.

Серіктес жаңалықтары