$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар қай елдерге жиі ақша аударады

Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы елімізден сыртқа жіберілген қаражат көлемі бір жылда 6%-ға өсті

Қазақстандықтар қай елдерге жиі ақша аударады
Көрнекі фото: Nur.kz

Биылғы қаңтар-тамыз айларында республикадан шетелге халықаралық ақша аударымы жүйелері (ААЖ) арқылы 685,8 млрд теңге жөнелтілді, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Ranking.kz порталының жазуынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Бұл ретте транзакциялар саны 2,7%-ға қысқарып, 1,6 млн-ды құрады. Соның салдарынан бір аударымның орташа чегі 9,4%-ға, яғни 418,9 мың теңгеге дейін өскен.

2022 жылғы қаңтар-тамызда ААЖ арқылы шетелге аударымдар көлемінің 70%-дан астамы тек үш елге - Өзбекстан (201,7 млрд теңге), Түркия (163,6 млрд теңге) және Ресейге (117,3 млрд теңге) тиесілі болған. Сондай-ақ Қырғызстан (62,5 млрд теңге) мен Грузияға (50,6 млрд теңге) жіберілген аударымдар айтарлықтай көлемді құрады.

Қазақстаннан шетелге шыққан аударымдардың едәуір бөлігі АҚШ долларымен жүзеге асырылады. 2021 жылы аударымдардағы доллардың орташа айлық салмағы 78,2%-ды құраса, биылғы 8 айда ол 73,7%-ға дейін қысқарған. Қаңтар-наурыз айларында шетелге аударылған қаражаттың жалпы көлеміндегі долларлық аударымдардың үлесі 82,3%-84% құрады. Кейін көрсеткіш айтарлықтай қысқарды және тамыз айында 68,5%, ал шілдеде небәрі 58,4% -ды құрады.

«Елімізден шетелге ұлттық валютадағы аударымдардың үлесі, керісінше, артты. Мысалы, тамыз айында теңгелік аударыммен аударылған қаражаттың 21,2%-ы, ал өткен жылы теңгенің ең үлкен үлесі шілдеде 28,1% тіркелді», - дейд сарапшылар.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2021 жылы орташа есеппен бір ай ішінде теңгенің үлесі жіберілген ақша көлемінің 9,5% -ын құраған еді.

Биыл Ресей рублімен ҚР-дан шетелге аударымдардың ең көп үлесі маусым айында тіркелді: 19,9%-ға жетті. Бұл 2021 жылғы орташа көрсеткіштен көп, ол айына 11% құрады. Алайда тамыз айында рубльдегі аударымдардың үлесі әдеттегі 10%-ға дейін төмендеді.

Осы жылы еуроға аударымдар салмағы 1% -1,4%-дан ААЖ арқылы аударылған қаражаттың жалпы көлемінің 0,2%-на дейін азайды.

«2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында халықаралық ақша аударымдары жүйелерінің ішінде аударымдардың ең үлкен көлемі 535,9 млрд теңгені құрады, бұл ААЖ арқылы шетелге жіберілген қаражаттың жалпы көлемінің 78,1%-на сәйкес келеді», - дейді сарапшылар.

Сондай-ақ Contact (82,8 млрд теңге) және Western Union (42,1 млрд теңге) айтарлықтай көлемге ие болды.

Серіктес жаңалықтары