Шет елдерден Қазақстанға аударылатын қаржы көлемі бірінші рет қысқарды

Көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8% төмендеген

Халықарылық төлем жүйесі арқылы Қазақстанға Корея республикасы мен Ресейден 200 млрд теңге ақша аударылған. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды. 

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығындағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанға сырт елдерден халықарылық төлем жүйесі арқылы аударылатын қаржы көлемі 344,6 млрд теңгені құрап, бірінші рет қысқарып отыр. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8% төмендеген (2018 жылы өсім 18,2%).

Төлем жүйесі арқылы аударылатын қаржы көлемі бойынша әлі де Ресей көш басында тұрғанмен, көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 28,5%-ға дейін азайған. 2019 жылы бұл көрсеткіш 129,6 млрд теңгені құраған. Оңтүстік Кореядан аударылатын қаржы көлемі 15,7% өсіп, 65,7 млрд теңгеге жеткен. Үшінші және төртінші орында Өзбекстан және Қырғызстан — 31 млрд тг (+30,6%) и 30,1 млрд тг (−0,6%).

АҚШ-тан аударылатын қаржы көлемінде айтарлықтай өсім бар: 19 млрд тг (45,2% өсім).

Сұхбат
Карантинде отырған азаматтарға психолог кеңесі
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат