Алтын, күміс тас екен: Қазақстанда асыл және түсті металл өндірісі 3 трлн теңгеден асты

Автор: Azattyq Rýhy

Былтыр $5,3 млн алтын өндірілді

2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда негізгі асыл және түсті металдар өндірісі 3,2 трлн теңгеге жетті, инфляция есебімен өнеркәсіп өндірісінің өсуі 6,8%  құрады, деп хабарлайды energyprom.kz.

«Облыстар бойынша металл өндірісінің 60%-ы екі негізгі аймаққа тиесілі: Шығыс Қазақстан (1,04 трлн теңге) және Қарағанды (861,9 млрд теңге) облыстары. Бұл өңірлерде мыс пен мырышты, сондай-ақ, қорғасын мен асыл металдарды өндіру жөніндегі негізгі өндіріс орындары шоғырланған.

«Қазақмыс» ЖШС, KAZ Minerals Тобы және «Қазмырыш» АҚ (бас инвестор-швейцарлық Glencore International компаниясы) сияқты сектордың алыптары жұмыс істейді. Үшінші аймақ — Павлодар облысы (354,7 млрд теңге). Мұнда «Қазақстан алюминийі» АҚ алюминий өндіру және өңдеу бойынша ірі кешендер, Eurasian Resources Group (ERG) формациясы орналасқан»,- деп жазады сараптамалық портал.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда өңделмеген және жартылай өңделген күміс экспорты 625,5 тоннаға ($278,1 млн) жеткен. Күмісті негізгі импорттаушы - Біріккен Корольдік (58%). Өңделмеген және жартылай өңделген алтынның экспорты 3,3 тоннаны ($5,3 млн) құрады. Алтынның 88% Қырғызстанға өтеді.

«Түсті металдар арасында Қазақстан тазартылған мыс пен өңделмеген мыс қорытпаларын $2,5 млрд (443 мың тонна), өңделмеген алюминий — $513,3 млн  (272,9 мың тонна), өңделмеген қорғасын — $111,4 млн (81,4 мың тонна), өңделмеген мырыш — $504,5 млн (199,8 мың тонна) көлемінде өндірілді», - делінген сараптамада.

Қазақстандық мыстың негізгі импортерлері - Қытай, БАӘ және Түркия; алюминий — Түркия, Грекия және Өзбекстан; қорғасын — Вьетнам және Нидерланд; мырыш — Қытай және Ресей.