2019 жылы Қазақстаннан шетелге 655 млрд теңгеден астам қаржы аударылған

Автор: Azattyq Rýhy

Ең көп транзакция жасалған мемлекеттердің қатарына Ресей, Өзбекстан және Түркия елдері кіреді

2019 жылы Қазақстан ақша аударым жүйелері арқылы шетелге 655,2 млрд теңге сомаға транзакция жасаған. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 8,9% жоғары. Транзакция көлемі 1,7% төмендегенмен, аударымдардың орташа көрсеткіші 224,9 мың теңгеден 249,1 мың теңгеге дейін өскен. Бұл туралы ranking.kz сайты жазады.

Қазақстан ең көп ақша аударатын мемлекет – Ресей Федерациясы, аударылған сома көлемі 208,8 млрд теңге, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10,6% аз. Екінші орында Өзбекстан екен, бір жылда өсім 24,7%-ға жеткен. Үштікке Түркия мемлекеті кіреді, бұл елге өткен жылы 93,4 млрд теңге ақша аударылған. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 32,8% жоғары.