Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысын қабылдады

Кездесуде ұлттық компания басшысы 2019 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі туралы баяндады

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысын қабылдады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Кездесу кезінде Ғалымжан Пірматов уран өндіруші компанияның 2019 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары және оны дамытуға арналған алдағы жоспарлары туралы баяндады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы ұжымдық басқару, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері компания жұмысының басым бағыты екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания өзінің өндірістік және қаржылық мақсаттарын табысты жүзеге асыруының арқасында әлемде уран сату бойынша қатарынан екінші жыл көшбасшылық орнын сақтап қалғаны жайында мәлімет берілді», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.