«Қазақмыс» Ұлытау облысын дамыту үшін 9 компаниясын Жезқазғанға тіркемек

Azattyq Rýhy

Бұрын бұл бөлімшелер Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды ​​қалалары мен Топар кентінде тіркелген болатын

 

«Қазақмыс» Ұлытау облысын дамыту үшін 9 компаниясын Жезқазғанға тіркемек
Фото: kazakhmys.kz

Жаңадан құрылған Ұлытау өңірінің дамуын қолдау мақсатында «Қазақмыс» компаниялар тобы 9 компаниясының Ұлытау облысы Жезқазған қаласындағы заңды мекенжайын қайта тіркеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Қазақмыс Коппер» АҚ, «Қазақмыс Барлау» ЖШС, «Қазақмыс Энерджи» ЖШС, «Қазақмыс Дистрибьюшин» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «Қазақмыс Прогресс» ЖШС, «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС мекенжайлары қайта тіркеледі.

Бұрын бұл бөлімшелер Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды ​​қалалары мен Топар кентінде тіркелген болатын. Бұл шешім осы аймақта орналасқан кәсіпорындардан қосымша салық шегерімдері арқылы еліміздегі жаңа аймақтың қалыптасуына қолдау көрсетуге байланысты қабылданды.

Оқи отырыңыз: Президент жарлығымен Қазақстанда үш жаңа облыс құрылды

«Қазақмыс» тобының кәсіпорындары мемлекетпен бірлесе отырып, өңірлерді дамытуға және «Қазақмыстың» негізгі өндірістік алаңдары орналасқан Жезқазған, Балқаш және Қарағанды ​​қалаларының тұрғындары алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға белсенді үлес қосуды жалғастырады», - делінген компания хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.