Президент жарлығымен Қазақстанда үш жаңа облыс құрылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үш жаңа облысты құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, Қазақстанда үш жаңа облыс пайда болды:
1) Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы;
2) Алматы облысының құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы;
3) Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылды.
Оқи отырыңыз: Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласына көшірілді
Жарлық 2022 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.