26.04.2022, 12:14
Экономика
Қазақстанда 2025 жылға дейін 23 құс фабрикасы салынады
Осылайша импортты толық алмастыру жоспарланып отыр
Фото: © Depositphotos.com/roibu
2025 жылға қарай Қазақстанда өндірілген құс етімен импортты толықтай алмастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл шаруашылығы министрінің мәліметінше, 2021 жылы құс еті бойынша импорт үлесі 168,5 мың тоннаны құраса, еліміздің өз өнімі 282,3 мың тоннаны құраған.
«Осылайша, 2025 жылға қарай жалпы өндірістік қуаты жылына 223,1 мың тонна болатын 23 құс фабрикасын салу және жаңғырту арқылы импортты толық алмастыру жоспарланып отыр», - деді Ербол Қарашөкеев.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды