$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2020, 21:43
Экономика

Несиелік қарыз 90 күннен асып кетсе, комиссия есептелмейді - ҰЭМ

Бұрын несие уақытында төленбеген жағдайда қарыз күніне 0,5 пайызға өсетін

Несиелік қарыз 90 күннен асып кетсе, комиссия есептелмейді - ҰЭМ
Фото: ашық дереккөзден

Биылдан бастап «Банк және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» заңдарға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтардың несие бойынша қарызы 90 күннен асып кетсе, комиссия есептемейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов елордада өткен баспасөз мәслихатында биылдан бастап екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек 90 күннен асып кетсе, айыппұл, өсімпұл, сондай-ақ, комиссия мен басқа да төлемдер есептеуге тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұрын несиесін уақытында төлемеген жағдайда өсімпұл күніне 0,5 пайызға өсетін еді.

«Жаңа ереже несие алғандарға үлкен жеңілдік деп ойлаймын», - дейді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары