Еуропадағы газ фьючерстерінің бағасы 11 пайызға өсті

Azattyq Rýhy

Газ фьючерстерінің бағасы мың текше метр үшін 1370 долларға дейін қымбаттады

Фото ашық дереккөзден

 Еуропадағы газ фьючерстерінің бағасы сауда сессиясының жабылуына қарай 11% - ға өсті және қазан айынан бастап алғаш рет 1 мың текше метр үшін 1370 доллардан асты.

Сауда-саттықтың ашылуында ICE Futures платформасындағы голландиялық TTF индексі бойынша фьючерстердің құны 1340,7 долларды құрады және алғашқы сағаттарда 1310-1350 доллар аралығында құбылып тұрды.

Ал түстен кейін ол үлкен құбылмалылықты көрсетіп, ең жоғары деңгейге жетті, яғни, шамамен 1390 доллар.

Жабылу уақытындағы көрсеткіш бойынша 1371,7 долларды құрады, бұл жұма күнгі есептік бағадан 11%-ға жоғары.

Айта кетейік, Еуропада газ бағасының айтарлықтай өсуі сәуір-мамыр айларынан бастау алған болатын. Ол кезде мың текше метр үшін 250-300 доллар аралығында болған.

Жаздың соңғы күндерінде "бір күн алға" жеткізу келісімшартының құны 600 доллардан асты, ал қазан айының басында ол 1000 доллардан асты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.