Қазақстанда бензин де қымбаттады

Автор: Azattyq Rýhy

АИ-92-мен бірге АИ-95 те қымбаттады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда дизельден кейін бензин бағасы да қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық отын нарығында, әсіресе дизель автомобилінің иелері үшін жағдай тұрақты деп айту қиын. Биыл олар екі рет отын тапшылығына, одан бағаның өсуіне тап болды.

Соңғы рет тапшылық күздің басында басталды. Осыдан кейін елде дизель құнын литріне 230 теңгеге дейін көтерңлді. Тіпті 370 теңгеден сатып жатқандары да бар. Оны Royal Petrol мен Petrol Asia бағалап отыр.

Соңғы айларда бензин бағасы тұрақты еді. АИ-92 бағасы 168-175 теңге аралығында болды. Дегенмен «Газпром» желісінің 92-сі өзгелеріне қарағанда қымбат болды. Бірақ қазан айының ортасынан бастап бензин бағасы да көтерілді.

Мысалы Helios-та АИ-92 20 қазан мен 1 қараша аралығында үш рет өзгерді – алдымен 173 теңгеден 174 теңгеге дейін, артынша 177 және 178 теңгеге дейін.

Қазір барлық жерде АИ-92 литрі 178 теңгеге бағаланып отыр.

Ал «Газпром» литрін 179 теңгеге саудалап отыр. Әрине, АИ-92-мен бірге АИ-95 те қымбаттады. Оның құны 205 және 214 теңге аралығында.