Илон Маск тарихта 300 миллиард долларлық байлығы бар алғашқы адам болды
Tesla-ның капитализациясы триллион доллардан асты
Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск тарихта байлығы 300 миллиард долларға жеткен алғашқы адам болды, деп хабарлайды Риа Новости.
Forbes real-Time дәл осы уақыттағы миллиардерлер рейтингісіне сәйкес, кәсіпкердің байлығы бұл белгіге Мәскеу уақытымен 16:45-те жеткен. Сол сәтте оның байлығы 7,4 миллиардқа өсіп, 298,7 миллиард долларды құраған. Яғни, 6,1 пайызға өсті.
Илон Маск өткен аптада басталған Tesla акциялары бағасының өсуі аясында байып келеді. Дүйсенбі күнгі сауда-саттықта автоөндірушінің бағалы қағаздары рекордты жаңартып, 1154,49 долларға жетті.
Акциялардың қымбаттауы «Tesla компаниясы Hertz машиналарын жалға беру компаниясына 100 мың электр көлігін жеткізеді» деген жаңалықтан кейін басталды.
Сөйтіп, Tesla-ның капитализациясы триллион доллардан асты.
2003 жылы Калифорнияда құрылған Tesla Motors электромобильдер шығарады және олармен байланысты технологияларды дамытады. Компания сондай-ақ өз технологиясы бойынша басқа автоконцерндерге, атап айтқанда Toyota және Daimler компанияларына сататын батареялар мен электр қозғалтқыштарын жасайды.