Биыл ұшақ қызметін пайдаланған қазақстандықтардың саны да рекордтық көрсеткішке жеткен
Қазақстанда әуе тасымалының көрсеткіші күрт өскен. Соңғы 11 айда отандық әуе компаниялары 8 миллионға жуық жолаушыны тасымалдаған деп жазады Finprom.kz.
Қаңтар-қараша айларында Қазақстанның ұшақтарымен 7,9 млн адам жолға шыққан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ға артық (7,3 млн адам) рекордтық көрсеткішке ие.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, биыл 10 айда қазақстандық әуежайлар 14,8 млн жолаушыға қызмет көрсеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 16 миллионға жетеді деген болжам бар. 2018 жылы отандық әуежайлардың қызметін 15 млн жолаушы пайдаланыпты: ішкі ұшулар – 9 млн, халықаралық ұшулар – 6 млн адам.
Қазіргі таңда қазақстандық 11 әуежайда «ашық аспан» режимі іске қосылған. Осыған орай LOT Polish Airlines (Польша), Air Asia (Малайзия), «Белавиа» (Беларусь), Jazeera Airways (Кувейт) және Salam Air (Оман) әуе компаниялары елімізге жаңа рейстер ашады деген болжам бар. Егер ашқан жағдайда, 2020 жылы жолаушылар ағыны тағы өсіп, жаңа рекорд орнатады.
Жолаушылар санының өсуімен отандық әуе компанияларының табысы да артып отыр. Қаңтар-қараша айларында олар 369,2 млрд теңге пайда тауып, өсім 16,4 пайызды құраған.