Сайлау:Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

Қазақстан такси ақысы ең арзан елдердің қатарына енді

Ең қымбат такси қызметі Швейцарияда тіркелген

taxovichkof.kz

Қазақстан такси бағасы ең төмен елдердің тізіміне кіреді (қымбатшылық бойынша 108 елдің ішінде 96-орында) деп жазады Ranking.kz Numbeo деректер базасына сілтеме жасап. Нақтырақ айтсақ, қазақстандық такси тұтынушы 1 км жолға орта есеппен 0,35 АҚШ долларын төлейді екен. Посткеңестік елдер арасында такси бағасы Қазақстанмен салыстырғанда тек Әзірбайжанда ғана жоғары болып шықты (0,43 АҚШ доллары). Ал Беларусь, Молдова, Украина, Ресей, Армения және Өзбекстан сияқты бірқатар елде бізден арзан.

Әлем бойынша такси қызметін пайдаланғаны үшін ең төменгі бағаны төлейтін елдердің ішінде Армения, Пәкістан және Өзбекстан бар – бар болғаны шақырымына 0,2 АҚШ доллары.

Сонымен қатар, 1 км сапар үшін төленетін сома бойынша есептегенде, Швейцария (4,15 АҚШ доллары), Жапония (3,63 АҚШ доллары) және Сальвадор (3 АҚШ доллары) сияқты елдерде ең жоғары баға тіркелген.

1 сағат күту үшін (жолаушының күтуі немесе кептелісте тұру) Қазақстандағы тариф 3,5 долларды құрады. Қымбатшылық бойынша бұл көрсеткіш 108 елдің ішінде 93-орында. Ресей, Украина және Беларусьте бұл тариф біздікінен жоғары болса, Молдова, Өзбекстан, Әзірбайжан және Арменияда төмен.

2021 жылдың маусым айында елдегі автомобильдік жолаушы тасымалы қызметінің бағасы бір жылда 2%-ға өскен. Ең жоғары өсім Жамбыл облысында тіркелген – шамамен 20%. Ал. Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында баға өзгеріссіз қалған. Тек Нұр-Сұлтанда ған баға 0,2%-ға арзандапты.

Бір жыл ішінде қала автобустарындағы жол ақысы Қазақстан бойынша 1,4 пайызға өскен.

Биыл қаңтар мен мамыр айлары аралығында елдегі автомобильдік компаниялар 2,9 млрд жолаушыны тасымалдаған. Бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 54,7 пайызға төмен.

Тасымалдаудың едәуір бөлігі автобус пен таксилердің еншісінде. Автобустар 2 млрд жолаушыны тасыған: 2020 жылға қарағанда 58,7 пайызға төмендеген. Такси қызметін 947,6 млн жолаушы пайдаланған (44,3 пайызға аз). Трамвайлар 13,5 млн, ал троллейбустар 12 млн жолаушы тасымалдаған.