$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.12.2019, 19:41
Экономика

Қазақстан шетелге инвестиция салуды азайтты

2019 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанның шетел экономикасына салған инвестиция көлемі 27 млрд долларды құраған

Қазақстан шетелге инвестиция салуды азайтты
Фото: gateinvestmentgroup.wordpress.com

Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 млрд долларға аз, немесе13,4%-ға төмен. Бұл туралы LS хабарлайды.

Ұлттық банктің мәліметінше, алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша инвестицияның басым бөлігі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке бөлінген – $14,7 млрд. Оның ішінде 14,3 млрд доллар бас компаниялардың жұмысы мен басқару мәселесі бойынша кеңес беруге жұмсалған.

Қаржылық және сақтандыру қызметін қаржыландырудың үлесі - $2,9 млрд. Тау-кен өндірісі мен карьерлерді қазуға- 2,5 млрд доллар, өңдеу өнеркәсібіне - 2,3 млрд доллар.

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпкерлер үй шаруашылығы бағытында $1,3 млрд, көтерме және бөлшек сауда үшін $751,1 млн, құрылыс саласына $627,2 млн инвестиция салған. Сондай-ақ басқа елдердің ақпарат және байланыс саласына - $483,3 млн, тасымалдау және сақтауға -$480,4 млн, қорғаныс және әлеуметтік қамтамасыз етуге шамамен $451 млн қаржы аударған.  

Ал, инвестиция аз салынған салалардың қатарына - электр және газбен жабдықтау ($10,9 млн), білім беру, денсаулық сақтау, өнер және ойын-сауық ($7,8 млн), орман және балық шаруашылығы ($300 мың) жатады.

Жалпы алғанда, Қазақстан 2019 жылдың алғашқы алты айында басқа елдердің экономикалық қызметінің 19 түрі бойынша $27 млрд көлемінде инвестиция салған.

Серіктес жаңалықтары