Қаржының елеулі бөлігі жалақыны жартылай субсидиялауға және жастар практикасына жұмсалады
Қазақстан өңірлеріндегі еңбек нарығын дамыту үшін республикалық бюджеттен 18 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл туралы LS хабарлайды.
«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жобаға сәйкес, еңбек нарығына бөлінетін соманың басым бөлігі Түркістан облысына жұмсалады - 3,7 млрд теңге немесе 20,2%. 2 млрд теңгеден астам қаржы Қызылорда облысына, сондай-ақ 1 млрд теңгеден астам қаражат Ақтөбе, БҚО, СҚО, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласына бөлінеді.
Республикалық маңызы бар қалалардың арасында 1 млрд теңгеден астам қаражат алатын Шымкент қаласы ғана, ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына 500 млн теңгеге жетер-жетпес ақша бөлінеді.
18 млрд теңгенің 12 миллиарды жалақыны жартылай субсидиялауға және жастар практикасына бөлінеді. Өйткені, 2020 жыл Қазақстанда Волонтер жылы деп жарияланды.