Жапония қазақстандық жобаларға 150 млн доллар инвестиция салады

Тараптар «Japan DX KZ» бірлескен компаниясын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді

Жапония қазақстандық жобаларға 150 млн доллар инвестиция салады

Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде жапондық «Japan DX» және «Land Management Co. Ltd» компаниялары арасында Қазақстан экономикасына 150 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым саласындағы жобаларды іске асырумен айналысатын «Japan DX KZ» бірлескен компаниясын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қазақстан елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевтың айтуынша, Қазақстан экономикасын цифрлық трансформациялауға жапондық компанияларды тарту алдыңғы қатарлы жапондық цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.

«Japan DX KZ» ақпаратқа үздіксіз қол жеткізуге және кибер қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін деректерді сақтауға және өңдеуге арналған дата-орталықты Қазақстанда салуды жоспарлауда.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының негізінде «Japan DX KZ» компаниясы дәстүрлі акциялардың немесе меншік құқықтарының аналогы болып табылатын қауіпсіздік токендерін шығару есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін цифрлық платформа құруға инвестиция салады.

«Блокчэйн технологиясы негізінде активке құқықты цифрлық токенге ауыстыру үдерісі Қазақстан аумағындағы инвестициялық жобаларды тікелей Жапония инвесторларына ұсынуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы уақытты экономиканы «декорбанизация» стратегиясы аясында «Japan DX KZ» жел электр станцияларын салуға, сондай-ақ ілеспе газдан электр энергиясын өндіруге инвестиция салуға ниетті», - делінген хабарламада.

«Japan DX» компаниясының төрағасы Соджи Сузукидің айтуынша, Қазақстанда, оның ішінде АХҚО алаңында қолайлы құқықтық режим құрылғаны озық технологияларды енгізу мен ілгерілетуде мүмкіндік береді.

«Japan DX» және «Land Management Co. Ltd» компанияларының делегациясы 2021 жылғы наурызда жобаны іске асыру мәселелерін талқылау үшін Қазақстанға сапар жасауды жоспарлап отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.