$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2019, 10:59
Экономика

Қазақстандықтар ақшасын сыртқа аударып жатыр

Шет елдерге аударылған қаржы мен Қазақстанға аударылатын қаржы көлемінің сальдосында айтарлықтай айырмашылық бар

Қазақстандықтар ақшасын сыртқа аударып жатыр
teleskop-by.org

2019 жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар халықаралық төлем жүйесі арқылы 369,1 млрд теңге ақша аударған. Сол соманың 345,5 млрд теңгесін шет елдерге, 23,6 млрд теңгесін ел ішінде жұмсаған. Ал, шет елдерден Қазақстанға халықаралық төлем жүйесі арқылы аударылған қаржы көлемі 203 млрд теңге болған, бұл 2018 жылдың жеті айындағы көрсеткіштен 8,8% көп. Бұл туралы ranking.kz хабарлап отыр.

Шет елдерге аударылған қаржы мен Қазақстанға аударылатын қаржы көлемінің сальдосында айтарлықтай айырмашылық бар, өткен жылмен салыстырғанда 135,8 млрд теңгеден 142,5 млрд теңгеге дейін өскен (бір жылда +5% өскен).

Қазақстанмен екіжақты трансшекаралық төлем бойынша Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қызғызстан елдері алда тұр. Мәселен, Ресейден Қазақстанға 116,9 млрд теңге аударылса (8,7% төмендеген), Қазақстаннан Ресейге 72 млрд теңге аударылған (23,7% төмендеген).

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы трансшекаралық төлем айтарлықтай өскен 57,2 млрд теңге (бір жыл бұрын 47,7 млрд теңге болған). Қазақстаннан Өзбекстанға 72,1 млрд теңге көлемінде (22% өскен) ақша аударылса, Өзбекстаннан Қазақстанға 14,9 млрд  теңге (30,8% өсім) келген.

Сондай ақ, Түркия (Қазақстаннан - 47 млрд тг, Қазақстанға - 3,8 млрд тг), Қырғызстан (Қазақстаннан - 43,4 млрд тг, Қазақстанға - 13,4 млрд тг) елдері бар.

Серіктес жаңалықтары