Халықтың орташа табысы 15 есе өскен
ӘЛ-ФАРАБИДЕН «МӘҢГІЛІК ЕЛ» МОНУМЕНТІНЕ ДЕЙІН
Статитистика комитеті қазақстандықтардың орташа жалақысы туралы деректі ай сайын жариялап тұрады. Ол цифр ақпарат құралдарында жарыққа шыққанда, әдетте көпшілік сенімсіздік танытып, келеке етіп жатады. Azattyq Rýhy соңғы 20 жылда орташа жалақы көлемі қалай өзгергенін анықтап көрді. Сататистика комитеті 1999 жылы ол - 11 864 теңге болғанын хабарлайды. Ал соңғы он айда орташа жалақы -181 881 теңгені құрады.
Демек, 20 жыл ішінде жалақы 15 есе өскен. 1999 жылы ең ірі банкнот Әл-Фараби белгіленген 5000 теңге болса, қазір «Мәңгілік ел» монументі мен Ақорда суреттелген 20 000 мың теңгелік. Экономист Бауыржан Ысқақов бізге елде Орташа жалақы қалай түзілетіні туралы түсіндіруге тырысты.
«Бізде Батыс өңірлердегі қалаларда мамандар ең жоғарғы жалақы алатыны белгілі. Шамамен 350-400 мың теңгеден басталады. Сосын елдің ең төменгі жалақы алатын аймағындағы көрсеткіштерді алып, жалпы еңбекке қабілетті адамдарға шағады. Сонда бүгінгі елдегі 188 мың теңге түріндегі орташа айлық жалақы көлемі шығады,- дейді маман.
НАН 30 ТЕҢГЕ, ЕТ 200 ТЕҢГЕ
1999 жылы Қазақстанда теңге алғаш рет құнсызданды. Бір доллар бағамы 90 теңгеден 130-ға бір-ақ секірді. Жалпы, 99-шы жыл тарихи оқиғаларға толы. Жасыл комуфляждағы жап-жас кандидат Ғани Қасымов ыңғайсыз сұрақ қойған журналиске ызаланып, телестудияда гүл салған вазаны шағып тастайтын сәті де осы жылы болған. Сөйтіп, Президент сайлауы, Ұлттық Халық санағы да 1999 жылы өтті. Тіпті, осы уақытта «Отан» (бүгінгі «Нұр Отан») партиясы ресми түрде құрылған.
Ал дүкен сөрелерінде бидай наны - 37 теңге, сиыр еті - 193 теңге, қой еті - 209 теңге тұратын. Бүгінде, Қазақстанда нанның орташа бағасы 145 теңге, ет 2000 теңгеден саудаланады.
ЕРКІН АЙНЫЛЫМҒА КЕТКЕН ТЕҢГЕ
Ал соңғы 20 жылда доллар бағамы қалай өзгергені төмендегі кестеде көрсетілген. 1999, 2009 және 2014 жылғы девальвацияны бастан өткерген төл валюта, қазір еркін айналымда. Әр жылдары болған девальвация - ұлттық қордағы ақшаны текке «жағып жібермеу», экспорттаушыларды қорғау үшін жасалады деп түсіндіріледі.
Теңге еркін айналымға кеткелі бағамды Ұлтық банк емес, сұраныс пен ұсынысқа сай нарық белгілейді. Бұл бір жағынан халықты АҚШ валютасы бір түнде бірнеше есе қымбаттап кететін «шоктан» құтқаруға да сеп болғандай.
Мөлдір Бақытқызы, Нұр-Сұлтан