QazTrade екі ел арасындағы сауда айналымына қатысты мәлімет берді
АҚШ Қазақстанның қандай тауарларына қызығушылық танытады. Ал Қазақстан АҚШ-тан не сатып алып жүр? Екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасы туралы Azattyq Rýhy тілшісі хабарлайды.
2020 жылғы Қазақстан экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға азайып, $472,4 млн құрады. QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы берген мәлімет бойынша, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде АҚШ-қа экспортталатын негізгі тауарлар мыналар:
АҚШ-қа экспорттың төмендеуі негізгі тауар түрлері бойынша байқалғанымен, мына тауарларды жеткізудің өсуі байқалады:
Сондай-ақ, импортталатын тауарларға келер болсақ, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айланыда Қазақстанға АҚШ-тан $850 млн сомасына тауар импорттады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға төмен ($1 034,3 млн).
Айта кетерлігі, импорт мөлшері азайғанымен, кей тауардың жеткізілуіне қатысты өсім байқалады:
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан