$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2019, 15:17
Экономика

ТШО-ны кеңейту жобасында басшылық қызметтегі қазақстандықтар үлесі небәрі 35%

ТШО-ны кеңейту жобасы аясында жұмсалатын қаражат көлемі артты - менеждмент 

ТШО-ны кеңейту жобасында басшылық қызметтегі қазақстандықтар үлесі небәрі 35%

Ол 8 млрд АҚШ доллары, ал инвойспен 25,5 млрд долларға тұрақтады. Бұл туралы Теңіздегі кеңейту жобалары бойынша бас директордың орынбасары Айдар Досбаев мәлімдеді. Ол Энергетика министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында ТШО 1993 жылдан осы күнге дейін Қазақстанның пайдасына 143 млрд доллар төлегенін, оның ішінде тауар мен қызмет көрсетуге 31 млрд АҚШ доллары жұмсалғанын айтты.

«Теңізшевройл» өкілі кеңейту жобалары бойынша 2019-2020 жылдары жұмыстардың қызатынын айтады, ал 2021 жылы жобаларды жүзеге асыруда белсенділік төмен болады. Әсіресе жергілікті кадрлердің үлесін арттыруға мән берілетіні белгілі болды. Қазір ірі корпорацияның жобаларында 50 мың адам жұмыс істейді, оның 45 мыңы жергілікті мамандар. Бұл жергілікті кадрлердің 91 пайызға жеткенін көрсетеді. Жобаның аяқталуына әлі екі жыл бар, ал осы күнге дейін 25 мың қазақстандық қызметкер қайта даярлықтан өткен.

«ТШО-да топ-менеджерлердің  жартысынан астамы қазақстандық азаматтар. Бірақ  Теңізді кеңейту жобасында жергілікті мамандардың тапшылығы сезіледі. Ол жерде басқарушылардың тек 35 пайызы ғана Қазақстан мамандары. ТШО басшылығы бұл олқылықтың орнын толтыру үшін қазір нақты шаралар қолданып жатыр»,- дейді  А. Досбаев.

Бұған дейін біз ТШО-ны кеңейту жобасы 30% қымбаттауы мүмкін. 2015 жылы жоба 23 миллиард доллардан 37 миллиардқа дейін өскенін жазған едік.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары