ҚР Ұлттық банкіне екі рет төрағалық еткен банкир жаңа қызметке кірісті
ҚР Ұлттық банкінің экс-төрағасы Григорий Марченко Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ЕАДБ баспасөз қызметі хабарлайды.
Григорий Марченко ҚР Ұлттық банкін екі рет басқарды (1999-2004 және 2009-2013 ж.ж.). 2005-2009 жылдары Halyk Bank АҚ басқарма төрағасы болды. Әр жылдары ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, көмекшісі болып қызмет атқарды. Сондай-ақ ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
2013 жылдан бастап тәуелсіз сарапшы.
Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасы Николай Подгузов жаңадан тағайындалған кеңесшісі Григорий Марченконы ұжымға таныстырып, оның қаржы және банк саласындағы кәсіби біліктілігі мен бай тәжірибесі банктің дамуына үлес қосатынын айтқан.