Елімізде қант өндірісі күрт төмендеді

Осы жылдың 8 айында 69,3 тонна қант өндірілген

Елімізде қант өндірісі күрт төмендеді
Фото: ашық дереккөзден

Отандық қант өндірісінің көрсеткіші көңіл көншітпейді. Жарты жылдық есептің сандарына көз жүгіртсек, нарықтағы қанттың 85 пайызы импорттық өнім. Яғни, 238,9 мың тонна қант шет елдерден тасымалданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында республика бойынша 69,3 тонна қант өндірілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,3 есеге төмен. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 161,5 тоннаны құраған болса, алдыңғы жылы өнім 7,4 есеге көп болған.  Сондай-ақ, биылғы жеті ай ішіндегі өндірістің 98,3 пайызы тек Жамбыл және Алматы облыстарына тиесілі.

Тамыз айында тәттінің бағасы еліміз бойынша дүкендер мен базарларда орта есеппен, 211,3 теңгені құрады. Бұл  былтырғы бағамен салыстырғанда 9,1 пайызға арзан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.