Бір жыл бұрын ол 700 миллион долларға жетер-жетпес болған
ЕАЭО-тың барлық елдері бірінші жартыжылдықты бюджет тапшылығымен аяқтады. Армения, Ресей, Беларусь көптен бері алғаш рет «минусқа» кетті. Шығыс кірістен әлдеқайда жоғары болған Қазақстан мен Қырғызстанда да бюджет тапшылығы 4 және 16 есеге өсті, деп хабарлайды Курсив.
Еуразиялық экономикалық комиссия сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, қаржылық көрсеткіштердің өзгеру себептері Одақтың барлық елдерінде бірдей – кірістер азайған, шығындар өскен.
«Қаржылық түсімдер мен міндеттемелер бойынша Қазақстан Ресейден кейін ЕАЭО-да екінші орында. Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда қазына кірісі 14,2 млрд АҚШ долларын, шығыстар 16,8 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл екі көрсеткіш арасындағы алшақтық 2019 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда едәуір артты. Егер бір жыл бұрын ел бюджетіне барлық шығындарды жабуға 700 миллион доллар жетпесе, онда соңғы мәліметтер бойынша, бұл сома 2,5 миллиард долларға дейін өсті», - делінген ақпаратта.
Салыстыру үшін: Ресей Федерациясының бюджет тапшылығы 2020 жылдың шілдесінде 11,2 млрд долларды, Беларуссия - 700 млн долларды, Қырғызстан - 200 млн долларды, Арменияда 100 млн долларды құрады.
«1 шілдедегі ақпаратқа сәйкес, ЕАЭО елдерінің барлығында мемлекеттік қарыздың өсуі байқалды. Бұл ұлттық валюталардың долларға шаққандағы бағамдарының әлсіреуіне байланысты », - делінген ЕЭК Қаржы статистикасы департаментінің хабарламасында.
Одақ елдерінің рейтингінде Қазақстан мемлекеттік қарыз көлемі бойынша екінші орында. Жарты жылдықта ол 45,2 млрд долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп.
Бұған дейін kursiv.kz ҚР Қаржы министрі Ерулан Жамаубаевқа сілтеме жасай отырып, үкіметтің бюджет тапшылығын жабу үшін қарыз алу туралы шешімі туралы жазған болатын. Ішкі нарықта 2 триллион, сыртқы жағынан 400 миллиард теңге қарыз алу жоспарланған.
Талқыланатын мәселенің тағы бір шешімі - салықты көтеру туралы ұсыныс. Бұл ретте ҚҚС 16%-ға, ССТ - 24%-ға дейін көтерілуі мүмкін.