14.08.2020, 15:31
Экономика
Тоқаев сыртқы сауда нарығын қалпына келтіруді тапсырды
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
Бақыт Сұлтанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік жұмысының нәтижелері жайында, сондай-ақ, сауда саласының 2025 жылға дейінгі даму мүмкіндіктері мен перспективасы туралы баяндады.
«Мемлекет басшысы министрге сауда саласының сыртқы нарыққа шығуын қалпына келтіру және оны одан ары дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Президенттің пікірінше, отандық тауар өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін қолдау, сондай-ақ, техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі арқылы ішкі нарықты сапалы әрі қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды