$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2020, 13:10
Экономика

Өзбекстан Түркістанда тігін фабрикасын ашып, жағдайы төмен отбасы мүшелерін жұмысқа алмақ

Фабрикада 1000-нан астам жұмыс орны ашылады

Өзбекстан Түркістанда тігін фабрикасын ашып, жағдайы төмен отбасы мүшелерін жұмысқа алмақ

«Turkistan» индустриалды аймағында өзбекстандық кәсіпкерлер жаңа тігін фабрикасын салады. Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев пен Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері тігін фабрикасының құрылыс алаңында капсула қойып, өнеркәсіп орнының алғашқы қазығын қақты.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша салынған фабрикада әртүрлі жастағы жандар үшін 1000-нан астам жұмыс орны ашылып, аз қамтылған отбасылардан шыққан қыз-келіншектер мен мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылатын болады.

«Өзбекстандық әріптестерімізбен бірлесе салатын бұл тігін фабрикалары өңіріміздің экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылауына үлес қоспақ. Бүгінде өңірімізде өзбек капиталының қатысуымен 40-тан астам жоба жүзеге асуда. Бұл тігін фабрикасы – кезекті сәтті жоба және екі елдің бірлескен ынтымақтастығының лайықты нәтижесі болатынына сенімдімін», - деген Өмірзақ Естайұлы өз сөзінде.

Өндіріс орны айына 15 000 дана тоқыма өнімдерін шығарады. Мамандарға Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде білімін жетілдіруге мүмкіндік беріледі.  Жоба инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі «Turkistan Invest» өңірлік агенттігінің қолдауымкен және «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізілмек.

Кәсіпорын биылғы қазан айында іске қосылмақ.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары