«Әртүрлі нұсқаларын қарастырып жатырмыз»: Жұманғарин ең төменгі жалақы қашан өсетінін болжады

Бұл туралы ол Құрылтайдағы брифинг кезінде айтты 

«Әртүрлі нұсқаларын қарастырып жатырмыз»: Жұманғарин ең төменгі жалақы қашан өсетінін болжады
Фото: https://www.magnific.com/ru

Құрылтайда өткен брифинг кезінде премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ең төменгі жалақыға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Айта кетейік, Қазақстанда ең төменгі жалақының көбейіп-көбеймейтініне қатысты әңгіме көптен бері айтылып келеді. Жұманғариннің сөзінше, мәселе әлі де талқыланып жатыр. 

«Әзірге бюджетте ең төменгі жалақы 85 мың теңге деп жазылған. Біз оны көтерудің әртүрлі нұсқаларын қарастырып жатырмыз. Бұл жағдай алдағы уақытта Құрылтайда талқыланады. Сондықтан бүгін нақты шешімді айта алмаймын», – деді Серік Жұманғарин.

Министр жақын арада ең төменгі жалақы мөлшеріне қатысты шешім белгілі болатынын және ол Президент әкімшілігі мен Үкімет деңгейінде талқыланып жатқанын жеткізді.