Қазақстан мұнай өндірісін арттыра ма? ОПЕК+ маңызды шешім қабылдады
Қазақстан мен тағы алты мемлекет қарашада мұнай өндіру деңгейін қыркүйектегі көрсеткіште қалдырды
Қазақстан кіретін ОПЕК+ елдері 2026 жылғы қарашадағы мұнай өндіру көлеміне қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымның баспасөз қызметінің мәліметінше, ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет – Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман 2026 жылғы 4 қазанда әлемдік мұнай нарығындағы жағдай мен оның даму перспективаларын талқылау үшін бейнеконференция форматында кездесу өткізді.
«Жеті мемлекет 2026 жылғы қарашада қыркүйек айына белгіленген мұнай өндіру деңгейін сақтау туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Аталған елдер Ынтымақтастық декларациясының талаптарын толық орындауға деген ортақ міндеттемелерін тағы да растады.
ОПЕК+ елдері нарықтағы жағдайды талдау үшін ай сайын кездесулер өткізуді жалғастырады. Келесі кездесу 2026 жылғы 1 қарашаға жоспарланған.