Келесі жылдан бастап маркетплейстердегі сатушылардың аккаунттары бұғаттала бастайды – заң талқыланып жатыр

Бұл өзгеріс тауарының шығу тегін растайтын құжаты жоқ кәсіпкерлерге қатысты болмақ

Келесі жылдан бастап маркетплейстердегі сатушылардың аккаунттары бұғаттала бастайды – заң талқыланып жатыр
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2027 жылдан бастап Қазақстандағы маркетплейстердегі сатушылардың аккаунттары бұғаттала бастайды. Бұл өзгеріс тауарының шығу тегін растайтын құжаты жоқ сатушыларға қатысты болмақ. Қазір заң жобасы Ашық «Нормативтік құқықтық актілер» сайтында  талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Анықталғандай, осы уақытқа дейін маркетплейстерде 2 трлн теңгенің тауары сатылған. Бірақ, 200 млрд теңге болатын тауардың шығу тегін растайтын құжаты болмаған.

Енді осының алдын алу үшін Ұлттық экономика министрлігі заңға өзгерістер енгізіп, тауарының қайдан шыққанын растайтын құжаты жоқ кәсіпкерлердің маркетплейстегі аккаунттары бұғатталады.

Заң жобасы 2026 жылдың 25 қыркүйегіне дейін талқыланады.