Ол үшін екі тарап келісімге келді
Бүгін Қазақстандағы Shin-Line Group компаниясы Кореяның Foodpolis институты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, осы ынтымақтастық негізінде Қазақстанда алғашқы азық-түлік кластері құрылады. Келісімге сай, Корея институты (Korea Food Cluster Promotion Agency) Қазақстанда азық-түлік өнеркәсібі кластерін дамытуға жәрдемдеседі.
Дәлірек айтсақ, Оңтүстік Корея тарапы жобаға жан-жақты консультациялық және сараптамалық қолдау көрсетеді.
«Келісім стратегиялық және консультациялық сипатқа ие. Құжатта тікелей қаржылық инвестициялар салу немесе мүліктік міндеттемелер қабылдау қарастырылмаған. Тараптар көбіне білім мен тәжірибе алмасуға назар аударады», - деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бір айта кетерлігі, Қазақстан бұл жобада Оңтүстік Кореяның ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсібі дамыған әрі миллиондаған туристің қызыға баратын жері – Чолла-Пукто провинциясының тәжірибесіне қызығып отыр. Кореядағы атақты азық-түлік кластері, яғни, мемлекеттік Foodpolis кластері осы провинцияда орналасқан.